Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Алтын күз-2018

Автор: admin от 19-11-2018, 23:04, посмотрело: 937

0
Алтын күз-2018
Алтын күз-2018

Категория: Мектеп

 

Соғыс және тыл ардагерілері!

Автор: admin от 15-11-2018, 21:13, посмотрело: 551

0 Биыл дүниежүзі гитлерлік Германияны, миллитирастық Жапонияны талқандап, фашистік құлдыққа жегілуден сақтап қалған Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуде.


Ұлы Отан соғысына, елді-жерді жаудан қорғауға Қазақстаннан бір миллион 200 мыңнан астам жерлестеріміз аттанған: соның 15000 жуығы бізді Мақтаарал ауданының азаматтары еді. Қазақстан бойынша 800 мыңға жуық, ал Мақтарал ауданы бойынша 10 мың азамат-жауынгер майданнан елімізге оралмай, ұрыс даласында құрбан болды.
Бүгінгі таңда ауданымызда ұлы Отан соғысына қатысқан 26 көзі тірі ардагер бар. Соның 8-і Жетісай қаласында тұрып жатыр.
Биыл аты алтын әріптермен жазылған майдангер-журналист Мүсілім Айдарбекұлы 90 жасқа толып отыр.
Әкесі-Айдарбек 1885 жылы туылған, ал анасы-Айша 1890 жылы туылған. Әкесі 63 жасында 1948 жылы, анасы 41 жасында 1931 жылы қаза болған екен.
Отбасында оның Әжібек, Әлібек деген ағалары болған. Екеуі де соғыстың басында соғысқа аттанып, Әжібек Ленинград қаласын жаудан қорғауда ерлікпен шайқасып, 26 жасында қайтыс болды. Ал, Әлібек небәрі 19 жасында Харьков қаласын фашистерден қорғау шайқастарында хабар-ошарсыз кетті.
1942 жылы жазда орта мектепті жақсы үлгеріммен бітірген жасөспірім Мүсілімнің жазу-сызуға икемі мол еді. Майданға кеткен ағалары жайлы, өзінің алты жасында қаза болған асыл анасы Айша жайлы көп әңгімелер жазатын, бұл жазғандарын аудандық газет редакциясына жолдап отырды. 1942 жылдан бері аудандық газет редакциясына тілші болып жұмысқа қабылданды. Бір жылдай тілші болып жұмыс істеп жүргенінде бұған да әскерге шақыру хат келді. Сөйтіп 1943 жылғы шілде айында Отан-Ананы қорғауға аттанды. Кеңес Армиясы сапында бес жарым жыл қызмет етсе, соның бір жарым жылдан астамы Кеңес Одағы маршалы Талбухин қолбасшылық еткен 3-ші және 4-ші Украина майдандарында, майдан қолбасшысының жеке қарауындағы жеке атқыштар ротасының «Аса маңызды әскери жүктерді күзетіп жеткізу» бөлімшесінің командирі болды.


1948 жылғы қараша айында әскерден босап, туған жерге оралды.
1949 жылдан бастап қайтадан Қызылқұм аудандық «Колхоз екпіндісі» газеті редакциясында жауапты хатшы, 1951 жылдан бастап газеттің редакторы болып жұмыс істей бастады. 1957 жылы Қызылқұм ауданы мен Киров ауданы біріктіріліп, ол сол жылдан бастап әуелі Оңтүстік Қазақстан облыстық, кейінірек Оңтүстік Қазақстан өлкелік радио және телехабарлар тарату комитетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі болды.
1963 жылы партиялық тапсырмамен Киров, Мақтаарал, Жетісай аудандары арасында қазақ және орыс тілдерінде жарық көретін ауданаралық «Жетісай»-«Джетысай» газеттерінің бас редакторы қызметіне жолдамамен жіберілді. Аталмыш басылымды басқарған 10 жылдың ішінде қалам тербеуге құштар қаншама дарынды жастардың қанатын қатайтып, қарымды журналисттер өсіп шықты. Сондай шәкірттерінің бірі Боранбай Құдияровтың 90- ның белесін бағындырған ұстазына айтар алғысы шексіз.
1973 жылы редакторлық жұмыстан Жетісай аудандық Халықтық бақылау комитетіне қызметке шақырылды. Бұл өте жауапты мемлекеттік қызмет еді. Халықтық бақылау комитетінде 1988 жылға дейін адал да абыройлы қызмет атқарды. 1988 жылдың тамыз айынан 2002 жылдың шілдесіне дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының азаматтық қорғаныс штабында бөлім бастығы, бас маман болып еңбек етті. Ал, 2002 жылдан күні бүгінге дейін «Аталар сөзі» республикалық газетінде тілші міндетін аткарады. Еңбек ете жүріп 1953 жылы Ташкент қаласында педагокиикалық училищені, 1956 жылы Шымкенттің мұғалімдер иниститутуын,1959 жылы Аллматвдағы Абай атындағы мемлекеттік педагокикалық иниститутының тарих факультетін бітірген.1939 жылдан комсомол мүшесі,1950 жылдан СОКП мүшесі болды. 18 жыл бойы Жетісай аудандық партия комитетінің мүшесі,бюро мүшесі, Жетісай аудандық кеңесінің бірнеше шақырылымдарында халық депутаты болды.1992 жылдан бастап аудан іріленгенше Жетісай ауданы әкімшілігінің алқа мүшесі болып келді.Мақтарал ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.Ұлы Отан соғысы жылдары Отанымызды қорғауға, бейбіт өмір жылдары елге,қоғамға,мемлекетке,Қазақ баспасөзін дамытуға сіңірген жемісті еңбектері үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен, « 1941-1945 жылдарғы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Соғыста жауынгерлік ерлік көрсеткені үшін», «Маршал Г.К.Жуков», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл», 40 жыл, 50 жыл медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалымен,ОҚО-тық партия комитетінің,Кеңес атқару комитетінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Халықтық бақылау комитетінің, ҚазКСР Халықтық бақылау комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық Халықтық бақылау комитетінің Құрмет грамоталарымен, бірнеше рет КСРО Журналистер одағының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының үздігі» медалымен,Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына байланысты ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Құттықтау хатымен марапатталған.
Жалпы Мүсілім атаның жауынгерлік жолдары мен өмір жолдары бүгін кім-кімге болса да үлгі-өнеге.
Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған қария туралы Шымкент агроколледжінің директоры Кенжехан Төлебаев мынадай жылы лебіз білдіреді: «Қай жерде істемесін осынша өмір сүріп барлық жерде де үлкен абыройға, беделге бөленгенін біз жақсы білеміз. Ағайын арасында өзінің кішіпейілдігімен, ұлағатты сөзімнен, білікті әңгімесіменен абыройға бөленіп жүрген құрметті ағамыздың бірі»,-деді.
Ал ардагер-қария туралы ОҚО педагогикалық университетінің ректоры Оңалбай Аяшев мынадай жақсы естелік айтты:
«Мүсілім Айдарбеков ағамыз Мырзашөл өңіріне сүбелі еңбек еткен үлкен азамат деп білеміз. Адам алпыстан асқаннан кейін артық сөз айтпай, бөтен жерді баспай, оғаш мінез көрсетпей, мәдениетті жүргені дұрыс қой. Мүсілім ақсақал осы үдеден шыға білді. Әдемі қартая білді. Бұл көп адамның қолынан келе бермейді»,- деді.
Қарымды қаламгердің ұрпақ, адам тәрбиелеуде сіңірген еңбегі өз алдына бөлек әңгіме. Зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып үйде қарап отырған жоқ. Ағайындардың Төбе биі атанып, дін – апиын деп санап, санасы уланған жастарды имандылыққа үгіттеп, тура жолға бағыттады. Дәстүрімізге сай өтетін түрлі басқосуларда дінімізді, тілімізді насихаттады.
Мүсілім Айдарбекұлы отбасында да адал жар, мейірбан әке, немерелерінің ардақты атасы. 1949 жылы құдай қосқан өмірлік жары Күріш екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Барлық ұл-қыздары жоғары білімді білікті мамандар.Қара шаңырақта бірге тұратын ұлы Бауыржаны Ауған соғысының ардагер-офицері. Кеден күзетінде кеден бекеті бастығының орынбасары. Келіні Халима терапевт-дәрігер болып қызмет істейді.


Өмірі өнегеге толы қарт майдангер – қаламгердің жүріп өткен ғұмыры бүгінгі және келер ұрпақ үшін тағылымы зор тәрбие мектебі десек артық айтқандық емес. «Ер есімі – ел есінде» демекші, сіздің сұрапыл соғыста көрсеткен жанқиярлық ерлігіңіз бен ауданымыздың дамып өркендеуі жолында төккен теріңіз бен еңбегіңіз ешқашан ұмытылмақ емес. Жеңіс мерекесінде 90 жасқа келген торқалы тойын атап отырған ағамызға мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Сондай ақ, Қазақстан Журналистер Одағының шешімімен мәртебелі «Құрметті журналист» атағы берілуімен шын жүректен құттықтаймыз.
Біздерге жарқын болашақ, бейбіт заман сыйлаған құрметті соғыс және тыл ардагерлерін біз әрдайым мақтан тұтып, мәңгілік есте сақтайтын боламыз.

Категория: Информация, Мектеп

 

Жолдасбай Ералиев ауылдық округі тарихы

Автор: admin от 15-11-2018, 21:08, посмотрело: 1033

0 Жолдасбай Ералиев ауылдық округі – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік.

Жолдасбай Ералиев ауылдық округі
Облысы
Түркістан облысы

Ауданы
Жетісай ауданы

Округ орталығы
Абай

Енеді
13 ауыл

Тұрғыны (2009)
10 094

Уақыт белдеуі
UTC

Әкімшілік құрамы

Құрамына Абай, Ақжайлау, Жазықсай, Жетіқұбыр, Әуезов, Жағажай, Жданов, Көктөбе, Жетіқазына (Қызыләскер), Мұратбаев, Арай, Сейфуллин, Үтіртөбе ауылдары кіреді. Орталығы – Абай ауылы.

Халқы

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 10 094 адамды құрайды.[2]

Категория: Мектеп

 

ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2018

Автор: admin от 15-11-2018, 07:50, посмотрело: 952

0
ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2018
ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2018
ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2018

Категория: Мектеп

 

ҚР Мемлекеттік рәміздері

Автор: admin от 16-02-2017, 23:05, посмотрело: 469

0 МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Категория: Мектеп

 

"Мұғалім, оқушы, ата-ана"-үштік одағы жақсы жолға қойылған

Автор: admin от 16-02-2017, 05:49, посмотрело: 784

0 Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста. Мектептегі іс-шараларға белсене қатысады.
"Мұғалім, оқушы, ата-ана"-үштік одағы жақсы жолға қойылған

Категория: Мектеп

 

"Жас маман-2017ж"

Автор: admin от 16-02-2017, 05:18, посмотрело: 774

0 Мектебімізде жас мамандарды шыңдау мақсатында "Жас маман-2017" байқауы болып өтті.
Бас жүлде қазақ тілі пәні мұғалімі-Салмырзаева Жанар
Бірінші орын сызу пәні мұғалімі-Сыдықова Меруерт
Үшінші орын дене шынықтыру пәні мұғалімі-Ибрагимов Нұрдаулет иеленді

Қалған қатысушыларға түрлі номинация берілді
"Жас маман-2017ж"
"Жас маман-2017ж"
"Жас маман-2017ж"

Категория: Мектеп

 

9-мамыр Жеңіс күні

Автор: admin от 15-02-2017, 09:59, посмотрело: 956

0
9-мамыр Жеңіс күні
9-мамыр Жеңіс күні
9-мамыр Жеңіс күні
9-мамыр Жеңіс күні

Категория: Мектеп

 

"Дәуір"ЖОМ ұжымы

Автор: admin от 12-05-2016, 14:54, посмотрело: 965

0
"Дәуір"ЖОМ ұжымы


Мектеп мұғалімдері туралы мәлімет
Мектеп әкімшілігі:
Мектеп директоры: Тушегенова Лаззат
ДОІЖО: Есенбеков Урусбай
ДОІЖО: Жақыпбаева Жаңыл
ДБОІЖО: Мыңбосынова Назира
ДТІЖО: Торыбаев Қондыбай
ДТІЖО: Исмаилов Серік
ДШІЖО: Ниязбекова Айжамал
БКОҰ төрайымы: Қауысбекова Ботагоз
ҚҰ төрайымы: Сопыбекова Акмарал
АӘД пән мұғалімі және ҰК төрағасы: Қондыбаев Нуритдин
Педагог – псхолог: Молдаханова Салтанат, Ташибаева Роза
Әлеуметтік педагог: Даркулова Анар.

«Дәуір» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы мұғалімдер саны- 104.
Олардың ішінде:
- жоғары санатты: 7
- бірінші санатты: 29
- екінші санатты: 32
- тұрақты: 25
Деңгейлік 3 айлық курсы бойынша оқып келген ұстаздар:
1. Бірінші деңгей: Бахашева Жамила
2. Үшінші деңгей: Оңалбаева Ұлбосын
3. Үшінші деңгей: Абилдаева Сапаркүл
4. Үшінші деңгей: Ташибаева Гулжаһан
Республикалық "Ақ көгершін" ән байқауының 1-ші орын жеңімпазы Пірімбет Малика

"Дәуір"ЖОМ ұжымы
"Дәуір"ЖОМ ұжымы
"Дәуір"ЖОМ ұжымы
"Дәуір"ЖОМ ұжымы

Метебімізде үлгерімі жақсы, үздік оқушылар бар. Оқушыларымыз жан-жақты, түрлі іс-шараларға белсене қатысады, ізденгіш, келешегінен үлкен үміт күттіретін азаматтар шығады.
Жылдар бой мектепті жақсы бітіріп, жетістіктірге қол жеткізген түлектер туралы қысқаша мәлімет.
Мектептің мақтан етер түлектері
1. Ералиев Ержан Жолдасбайұлы 1963 жылы туылған, 1980 жылы мектепті бітірген Алматы қаласының ЮСТ төрағасы.
2. Ералиев Ербол Жолдасбайұлы 1971 жылы туылған, 1988 жылы мектепті бітірген «Нұрлы жол» жеке шаруашылық кәсіпкері.
3. Еңкебаев Досым Көбейұлы 1976 жылы туылған, 1993 жылы мектепті бітірген, Астана «Самұрық қазына» әл-ауқат қорының бөлім бастығы.
4. Еңкебаев Марат Көбейұлы 1978 жылы туылған, 1995 жылы мектепті бітірген Алматыдағы клиникалық ауруханада хирург.
5. Еңкебаева Дана Көбейқызы 1985 жылы туылған, 2002 жылы мектепті бітірген, Алматыда БТА банкінде бас маман.
6. Қауысбеков Нұрсейіт Асықбайұлы 1964 жылы туылған, 1981 жылы мектепті бітірген Обл. ІІМ подполковник.
7. Тасқұлов Бекболат Ынтықбайұлы 1973 жылы туылған, Жамбыл обл. Тараз қаласында 90 гв әскери бөлімінде взвот командирі.
8. Төребаев Талғат Смадярұлы 1973 жылы туылған,1990 жылы мектепті бітірген Атырау қаласындағы шекара кемелерінің дивизон командирі ІІІ-роталы капитан.
9. Жасұзақов Бижан Дәулетханұлы 1980 жылы туылған, 1998 жылы мектепті бітірген, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің әскери академиясының рота командирі, аға летинант.
10. Жасұзақов Ербол Мұхтарханұлы 1982 жылы туылған, Жамбл облысы Атар әскери бөлімінде взвод командирі.
11.Исмайлов Асқар Құрбантайұлы 1981 жылы туылған, 1998 жылы мектепті бітірген Батыс Қазақстан облысы Ақсай ауданының прокуроры.
12. Адиловтар жанұялық ансамблі Досболат, Жанболат, Шарипа, Ерболат.
13. Бахашев Дәурен Балтабайұлы 1980 жылы туылған, 1996 жылы мектепті бітірген РОВД капитаны.
14.Сбанбаев Князхан Сайлаубайұлы 1976 жылы туылған, 1993 жылы мектепті бітірген, Ақтауда әскери қызметте майор.
15. Телғозиев Қазыбек Құттыбекұлы 1978 жылы туылған, Қытай Пекин рекламалық фирманың финанс директоры.
16. Мырзабаев Серік Қалмырзаұлы 1978 жылы туылған, «Жамалов»ЖШС финанс директоры.
17. Ниязбеков Асқар Топбасұлы 1976 жылы туылған, АББ кәсіп одақ ұйымының орынбасары.
18. Изенбаев Бегнұр 1990 жылы туылған, Л.Н.Гумелев атындағы ЕҚУ РһD география.
19. Жаутиков Рысдаулет 1988 жылы туылған, 2005 жылы бітірген, Назарбаев зияткерлік мектебінде химия пәнінің мұғалімі.
20.Ахмедов Тимур 1988 жылы туылған, 2005 жылы бітірген, Асық-ата емханасында хирург.
Осы мектепте білім алып қазіргі таңда ұстаздық қызмет атқарып жүрген тұлғалар: Богданова Венера орыс тілі мен әдебиеті, Есенбеков Өрісбай ДОІЖО, Оңалбаева Ұлбосын, Ташібаева Ләйла қазақ тілі мен әдебиеті, Бахашева Жамила ағылшын тілі, Давлетов Нұрқожа информатика, Садвокасова Гүлбану математика,Аубакирова Лаззат физика, Шойбекова Айнұр, Үсенов Қанат, Төребаев Таңат тарих, құқық, Оразханов Марат география, Исмайлов Серік биология, Торыбаев Қондыбай ДТІЖО химия, бастауыш сыныптарда Барлыбаева Тынышгүл, Ниязбекова Мадина, Оразбаева Сарсенкүл, Оразымбетова Лаззат, Назаров Қабыл, Татаев Нақыпбек,Қуатбеков Мұхтар, Шынтаев Алтынбек, Ағыбаев Сәбит, Өтетілеуов Өміртай, Алламұрат Ерлан дене шынықтыру, Пардабаев Атабай,Шынтаев Жұмабек,Мыржыбаева Лаззат, Төребаев Бақыт, Абдықадіров Ержан технология, пәндерінен дәріс беруде.
Мектептің соңғы 3 жылдағы қол жеткізген жетістіктері туралы қысқаша мәлімет.
«Дәуір» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде атқарылған іс-шаралар 25.11-30.11.2013 жылы «Білімді де, білікті ұстаз шеберлігінің оқушы шығармашылық қабілетінің дамуына әсері» тақырыбында аудандық «Ашық есік» күндері болып өтті.
«Есіркісіз болашақ», «Біз нашақорлыққа қарсымыз», «Жастар салауатты өмірмен бірге», «Салауаттылық өмір кепілі» қазақ күресінен 1996-1997, 1998-1999 жылғы туылған және еркін күресінен 2000-2001, 2002-2003 жылғы туылған балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін Мақтарал ауданы ашық біріншілігі болды.
"Дәуір"ЖОМ ұжымы
"Дәуір"ЖОМ ұжымы

Республикалық, облыстық, аудандық мадақтамаларымен марапатталған ұстаздар «Құрмет грамотасы»
[thumb][thumb]http://dauir-maktaaral.mektebi.kz/uploads/posts/2016-05/1463082592_bezymyannyy28.jpg[/thumb]
"Дәуір"ЖОМ ұжымы

Категория: Мектеп

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 12-05-2016, 10:09, посмотрело: 797

0
Мектеп тарихы
 

Мектеп
тарихы


1947 жылы
24 шілдеде Қазақ СССР министрлігінің №275 қаулысы бойынша мақта заводының құрылуына
байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының Киров ауданындағы Бетбақ даланың
тоғайлы жерінде «Октябрьдің 30 жылдығы» совхозы құрылды.

1949 жылы
5-ші тамызда бұрынғы «Октябрьдің 30 жылдығы» негізгі мектебіне «Жамбыл» атындағы орта мектебінің атауы берілді. 1972 жылы 536
орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Бұрынғы үш
ауданның бірігіп, іріленген Мақтарал ауданы болуына байланысты Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23.05.№775 қаулысына сәйкес «Жамбыл» атындағы
орта мектебінің атауы Мақтарал аудандық білім бөлімінің «Дәуір» орта мектебі деп
өзгертілді.

«Оңтүстік
Қазақстан облысының Әділет басқармасының 30.06.2009 жылғы №544 1958-10мм»
қаулысына сәйкес Мақтарал аудандық білім бөлімінің «Дәуір» жалпы орта мектебі
болып өзгертілді.

2013
жылы Әділет басқармасының қаулысы негізінде Мақтарал аудандық әкімдігі
15.01.2013 жылы №35 қаулыға сәйкес Мақтарал аудандық білім бөлімінің «Дәуір»
жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп өзгертілді.

Мектеп басшылары туралы мәлімет

Бұрынғы
«Жамбыл» атындағы орта мектебі, қазіргі «Дәуір» жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің мектеп басшылары:

1.
Арсланова
Роза 1949-1965жж

2.
Досмурзаев
Бейімбет 1954-1965жж

3.
Аширбаев
Оңалбай 1965-1967жж

4.
Дайров
Болат

1967-1973жж

5.
Арсланов
Мубарак 1973-1976жж

6.
Торникиди
Хараламп 1976-1977жж

7.
Сарманов
Құрманбай 1977-1979жж

8.
Тасқұлов
Ынтықбай 1979-1981жж

9.
Оразымбетов
Көшербай 1981-1989жж

10. Есенбеков
Өрісбай 1989-2000жж

11. Демеуов
Нақыпбек 2000-2007жж

12. Нұрханов
Есенәлі 2007-2010жж

13. Сабырханов
Сәкен 2010-2013жж

14. Шырымбекова
Бибигуль 2013
-2015
жж

15. Тушегенова
Лаззат 2015 бері

Қазіргі таңда
мектебіміз күрделі жөндеуден өткен,
заман талабына

сай жабдықталған:

информатика,

физика,

химия,

биология кабинеттері бар.

Демеушілердің көмегімен

Ж.Ералиев атындағы – тарих кабинеті,

А.Қапасова
атындағы – математика кабинеті,

А.Қауысбеков
атындағы – алғашқы әскери дайындық кабинеттері бар.


 

Категория: Мектеп